Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30/03/2023  Бейсенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 

14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасындп дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "көңілді старт" ойыны өткізілді.

02.06.2022ж күні Балалар жылына орай, «Балалар жылы: Келешектің тұтқасы-болашақ ұрпақта» атты мектепішілік дебат турнирі өтті.
Турнир нәтижесі:
1 орын – «Аргумент» командасы (Марекова Ағия, Қуандық Аяулым)
2 орын – «Ак-7729» командасы (Тохтарбаева Жаннұр, Орунбасарова Альбина)
3 орын – «Эверест» командасы (Лепес Райхан, Қайрғалиева Назерке)
«Үздік спикер» номинациясы – Ұзақбаева Жансая иеленді.
Туринирге қатысушы командалар арнайы медальдармен марапатталды.

"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, 1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау мерекесіне орай мектеп алды алаңында оқушыларға үйірме жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері әр түрлі спорт түрлері дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, футболдан сайыстар өткізіп, оқушылардың көңіл - күйі көтеріңкі болды. Сонымен қатар, балалар ұлттық ойын түрі "Асық ату" ойынына белсене қатысты.

"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, 1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау мерекесіне орай мектеп алды алаңында оқушыларға үйірме жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері әр түрлі спорт түрлері дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, футболдан сайыстар өткізіп, оқушылардың көңіл - күйі көтеріңкі болды. Сонымен қатар, оқушыларды топқа бөліп "Көңілді старт" ойыны ойнатылды.

"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, 1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау мерекесіне орай мектеп алды алаңында оқушыларға үйірме жетекшілері "Бақытты балалық шақ" тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылып, оқушылар қатысты.

"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, 1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау мерекесіне орай мектеп алды алаңында оқушыларға үйірме жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері 5-6 сынып қыздары арасында "Бес асық" ойынын өткізді.

"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, 1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау мерекесіне орай мектеп алды алаңында бастауыш сынып оқушыларын бүгінгі мерекемен құттықтап, мектебімізге қонаққа ертегілер елінен "Көңілді аюлар" келді. Балалармен бірге би билеп, ойын ойнап, мерекелік көңіл күймен бүгінгі шара қызықты өткізілді. Мереке құтты болсын бақытты балақайлар! 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына   байланысты «Ерлік - ұрпаққа мұра» тақырыбында ауған соғысы ардагерлірімен кездесу ұйымдастырылып, патриоттық бағыттағы іс - шара өтті. Оқушылар қасіретті жылдарда қайсарлық танытқан жауынгер ағаларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шараға қатысқан қонақтарымыз қарулас достарымен бірге жасаған ерліктері, соғыс жағдайында басынан кешкен оқиғалары туралы баяндап, естеліктерімен бөлісті. Қаһарман ағаларымыз жастарды Отанын сүюге, оны жаудан қорғап, өз елінің патриоты болуға шақырды. Бұл кеште жоғары сынып оқушылары "Қанжардан құтқарған қазақ тілі" қойылымын қойды. Өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында жоспарға сәйкес мектебімізде ақын, журналист Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған "Рухани шамшырақ" әдеби - сазды кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақынның өлеңдері оқылып, жас ақындарымыздың шығармашылығы таныстырылды. Анар ақынның "Анашым", "Аққу арман", "Сен келерсің" атты әнге айналған өлеңдері сахна төрінде шырқалды.
Бүгінде 20 жылға жуық сахнада "Музарт" тобының орындауымен орындалып жүрген "Сен келерсің" әнінің тарихын Анар Шамшадинова өзі айтып өтті.
"Ақынға сұрақ" айдарында оқушылардың көптеген көкейтесті сұрақтары қойылып, жауап алынды.
Сонымен қатар, мектебіміздегі оқушылар белсене қатысып жүрген "Домбыра-дастан" , "Драма", "Асық ату" , "Жас журналист" үйірмесінің жұмыстары таныстырылды.
Кеш соныңда Анар Амангелдіқызынан оқушылар автограф алып, естелік суретке түсті.

11.09.2021 жылы «Салауатты өмір – нұрлы болашақ!» атты мектепішілік денсаулық фестивалі болып өтті. Мектеп директоры К.Нурбаева фестивальге қатысушы оқушыларды құттықтады. Дене шынықтыру пәні бірлестігі, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары фестиваль іс – шараның барысын таныстырды. Фестиваль ары қарай мектеп спорт залында спортық жарыстармен жалғасын тапты.

Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» атты республикалық байқау өткізіліп жатыр. Байқаудың кезекті іс – шарасы «Жетістіктің тарихы» тақырыбында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен тұлғамен кездесу кеші болатын.

Ақпарлама

1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты рәсім ҚР Мемлекеттік Гимнмен ашылды. Салтанатты жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева және ұстаздар, 1 – сынып оқушылары мен ата – аналар қатысты. Алғашқы құттықтау сөз білім ордасының басшынсына берілді. Биыл ғана білім ордасының табалдырығын аттаған бүлдірщіндерімізге мектеп директоры арнайы «Әліппе» кітабын табыстады. Мерекелік көңіл – күймен әндер шырқалды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ - сі «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы бойынша 2021 жылғы  1 қыркүйек –    9 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

12 қаңтар күні мектепшілік "Мұқағали оқулары", "Қадір Мырза Әлі оқулары" байқауы өтті. Жеңімпаз оқушылар тиісті орындармен марапатталды. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері П.Р.Елешова, Л.П.Таганова.

18.01.19ж күні 1 сыныптар арасында "Ғажайып фигуралар" қолөнер көрмесі" өтті. 1 сынып оқушылары математика сабағында жасаған фигураларын көрмеге қойды.

Мектебімізде 14-15 желтоқсан күндері алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ұлттық дәстүр "Тілашар" тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру, мектепке деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында 1-сынып оқушыларының "Тілашар" мерекесі өтті. Тілашар мерекесіне барлық 12 сынып оқушылары мен ата-аналары және оқу ісі меңгерушісі Б.Төлегенова мен ДТЖО Г.Келешова т.б. ұстаздар қатысты