Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
28/11/2021  Жексенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ - сі «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы бойынша 2021 жылғы  1 қыркүйек –    9 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

Іс - шара мақсаты: Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшеде жүру ережелерімен оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолда абай болуын, сақтыққа тәрбиелеу.

Осыған орай, санитарлық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып, ДТЖО Г.Аршеева, мектеп инспекторы Н.Елжановпен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2021-2022 оқу жылына балалар жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі іс-шарасы ұйымдастырылды.

Мектепте қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бойынша арнайы тексеру комиссиясы құрылып, талапқа сай тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта оқуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектеп ауласында оқушылардың арақашықтығын сақтау бойынша қауіпсіздік ережелері сақталып, дәрігерлердің күнделікті баланың қызуын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1 28.10.21 1

ДТЖО Г.Аршеева мектеп инспекторы Н.Елжановпен оқушылардың көшеде, мектепте, сонымен қатар жолда жүру ережесі бойынша егжей-текжейлі ережелерін түсіндіріп, жолда қауіпсіздік ережелерін орындауға шақырды.

28.10.21 1 28.10.21 1

Іс - шара аясында 1 - сыныптардың жетекшілері мен мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Жолда жүру ережесі» түсінік жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру сонымен қатар оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіріп өтті. Жол ережесі белгілерімен көрсетілді.