Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23/01/2022  Жексенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында жоспарға сәйкес мектебімізде ақын, журналист Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған "Рухани шамшырақ" әдеби - сазды кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақынның өлеңдері оқылып, жас ақындарымыздың шығармашылығы таныстырылды. Анар ақынның "Анашым", "Аққу арман", "Сен келерсің" атты әнге айналған өлеңдері сахна төрінде шырқалды.
Бүгінде 20 жылға жуық сахнада "Музарт" тобының орындауымен орындалып жүрген "Сен келерсің" әнінің тарихын Анар Шамшадинова өзі айтып өтті.
"Ақынға сұрақ" айдарында оқушылардың көптеген көкейтесті сұрақтары қойылып, жауап алынды.
Сонымен қатар, мектебіміздегі оқушылар белсене қатысып жүрген "Домбыра-дастан" , "Драма", "Асық ату" , "Жас журналист" үйірмесінің жұмыстары таныстырылды.
Кеш соныңда Анар Амангелдіқызынан оқушылар автограф алып, естелік суретке түсті.


"Жас журналист" үйірмесі тілшілерінің сұхбатымен әр жанның кеудесіне рухани шамшырақ сыйлар әдеби - сазды кеш аяқталды.
Ұйымдастырушы: тәрбие бөлімі және өзін -өзі басқару ұйымы.

13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1

06.12.2021 ж күні ағылшын тілі онкүндігіне орай «the leader of the 21st century» тақырыбында мектепішілік сайыс өткізілді.Сайыс өткізудің негізгі мақсаты: ағылшын тілін дамыту, оқушыларды ой-өрісін дамыту. Байқауға 7 сынып оқушылары қатысты.Осы сайыс нәтижесінде 1,2,3 орындар беріліп марапатталды.Бұл сайыстың жеңімпаздары I орын «Rainbow »тобы, II орын « Butterfly»тобы, III орын «Sunshine »тобы алды
Өткізген : Аймухаммедова Тойжан, Рзабаева Ақшолпан

13.12.21 1 13.12.21 1

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, "Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Еліміздің 30 жыл бойы жеткен жетістіктерін таныту, насихаттау.
Аталған байқауға оқушылар белсене қатысты және марапатталды.
Ұйымдастырушы: музыка пәні мұғалімдері Омаров Шермұрат, Дастан Заманбек

13.12.21 1 13.12.21 1

Мектебімізде 03.12.2021 ж. күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Елбасы күні - елдікке құрмет"  атты 5-8 сыныптар арасында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Мақсаты: 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің мәнін ашу, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елі үшін жасаған істерін үлгі-өнеге етіп, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат пен азаматшалар болып өсуіне, елжандылыққа, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Байқау нәтижесінде әділқазы алқасының шешімімен:
I орын 8 "Д" сынып оқушысы Лепес Райхан
II орын 7 "Б" сынып оқушысы Джанабай Анель
III орын 8 "Д" сынып оқушысы Ердаулетова Мерец
III орын 8 "Д" сынып оқушысы Кенесбай Алтынай
Ынталандырумен 6 "В" сынып оқушысы Теберик Ибрахим, 5 "Г" сынып оқушысы Нуралы Санжар
Оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызға әрі қарай да сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Конусова А.А.

13.12.21 1 13.12.21 1

Бүгін мектебімізде "Вейп - денсаулыққа өте қауіпті!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында оқушыларға жиналыс өткізілді. Жиналысқа тәрбие жөніндегі орынбасар У.Жарасбаева, мектеп психологы Г.Картбаева, мектеп инспекторы Н.Елжанов қатысты. Оқушыларға қазіргі жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекінің таралуына алдын алу, зияны туралы айтылды.

13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1 13.12.21 1

            Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, "№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 10 жылдық мерекесіне орай мектепішілік "Екі жұлдыз" ән байқауы өткізілді. Байқауға мұғалім мен оқушыдан құралған жұптар қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды көркемдік-әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу. Ұстаз бен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. Оқушыларды сахна мәдениетіне бейімдеу. Байқау нәтижесі төмендегідей болды:
Бас жүлде иегерлері: музыка пәні мұғалімі Омаров Шермурат және 10 сынып оқушысы Айбазарова Ырысты.
1 орын: ағылшын тілі пәні мұғалімі Чалабаева Гулнар, 10 сынып оқушысы Оразбай Айдана
2 орын: биология пәні мұғалімі Утепбаева Райшан, 7 сынып оқушысы Биман Альбина.
3 орын: музыка пәні мұғалімі Дастан Заманбек, 5 сынып оқушысы Нуржума Айкөркем

Мұғалімдер мен оқушыларымыздың жүлделерімен құттықтай отырып, алдағы күндеріне сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушы: тәрбие жөніндегі орынбасар У.Жарасбаева, тәлімгер К.Бердибаева

13.12.21 1

Желтоқсаннан бастау алған егемен. Егеменді елде берік керегем. Қазақстан –бірлігімнің айғағы Әлем білген Елбасымен көреген. 25.11.2021 ж күні мектебімізде Бастауыш сынып оқушылары арасында «Елбасы күні – елдікке құрмет!» -атты мәнерлеп оқу патриоттық сайысы өткізілді. Мақсаты:оқушыларға Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі –өнеге ету. Отанын, елін, жерін, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа , патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тарих қойнауын еншілеген ел мұрағатын ұрпақ бойына насихаттау

13.12.21 1 13.12.21 1