Коммуналдық мемлекеттік мекеме

№7 жалпы білім беру
орта мектебі

    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

27.11-4.12.2018ж күндері аралығында мектебімізде химия, биология және география пән бірлестігінің «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты апталығы өтті.

27 - қараша күні апталықтың ашылуы болып, география пәні мұғалімдері Утепова Лаззат, Арыстанова Күмісай жауапты болды. Жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Оқушылар жаратылыстану пәндері туралы өлең оқып, әндер орындалып,әртүрлі көрініс көрсетіп, белсене қатысты.

Апталықтың ашылу салтанаты

Апталық барысында

Химия пәні мұғалімдері

Кулжигитова Нұрсұлу 9 «ғ» сыныбына ағылшын тілінде «» тақырыбына ашық сабақ, Бахтыбаева Айгул 8 «б» сыныбына «Қызықты химия» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді. Шаралар барысында қызықты мәліметтер оқылып, сұрақ-жауаптар қойылып, формулалар, тәжірибелер көрсетілді.

Биология пәні мұғалімдері

Отешова Жансұлу 9-сыныптар арасында «Ең үздік биолог» сайыс сабақ, Отегенова Анаргул 8-сыныптар арасында «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында сыныптан тыс сайысын өткізді. Сайыстар барысында оқушылардың алған білімдері тексеріліп, қызықты тапсырмалар орындалды.

География пәні мұғалімі

Кенжебаева Самаркан 9 сыныптар арасында «География лидері» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің географиялық білімдерін тексерді. Картамен жұмыстанып, қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді.

Апталықтың жабылуы

Жаратылыстану апталығының жабылу кезеңінде биология пәні мұғалімі Абдуллаева Казна 8-сыныптар арасында қабырға газеттерін жинақтады. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап шықты. Апталықты қорытындылап, өткізілген шараларға белсене қатысқан сыныптар марапатталды.