Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23/01/2022  Жексенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 15.11-20.11.2021 ж. аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Ұлы даланың дара тұлғалары" апталығы аясында 15.11.2021 ж. күні Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Дала қоңырауы" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың ашылуы 10-сынып қыздарының мың бұралған әдемі биімен басталды. Әрі қарай, мектеп әдіскері Едилова Г.С. сөз сөйлеп, апталықтың ашылуына сәттілік тіледі.
"Ұлы даланың дара тұлғалары" апталығы аясында дайындалған бейнеролик арқылы өткізілетін іс-шаралар легі таныстырылып, 10 "А" сынып оқушысы Айбазарова Ырыстының орындауында "Қазақ осы" әні шырқалды. Келесі кезекте мектебіміздің оқушылары, болашақ журналисттеріміз дайындаған интервью  көрермендер  назарына ұсынылды. Мектебіміздің жас ақындары өлең шумақтарын арнады. Ұлы ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсарин туралы викториналық сұрақтар қойылып, көрермендер белсенді түрде қатысты..       


Апталықтың екінші күні 16.11.2021ж. халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толу мерейтойына арналған 9-сыныптар арасында  интеллектуалды білім сайысы өтті. 
Сайыстың мақсаты: қазақ тіл білімі мен әдебиеттің дамуына үлес қосқан қазақ халқының дара тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға насихаттап дәріптеу. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу.
Сайыс  төрт кезеңді қамтыды. Сайысқа 9-сыптардан 8 оқушы қатысты. 1-кезеңде 10 сұрақтан тұратын тест интербелсенді тақтада берілді. Ойыншылар қолдарына берілген жетондарды көтеру арқылы тесттердің сұрақтарына ұсынған жауаптардың бірін таңдады. Тест соңында ең аз ұпай жинаған  екі ойыншы ойыннан шығып отырды.
2-кезең 10 тапсырмадан тұрды, әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептелді. Мақал- мәтел мен тұрақты сөз тіркестеріне қаншалықты мықты екендіктері байқалды.
3-кезең. «Суреттер сөйлейді»  Экраннан суреттер берілді. Лед экранда   бейнеленген суреттер арқылы Ахмет Байтұрсыновтың қай шығармасы екендігін тауып ұпай иеленді.. Табылған дұрыс жауапқа 5-ұпай берілді.  Оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, кезеңдер  бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беруге  талпынды. Әр кезеңде оқушылар сұрақтарға ұтымды жауап бере отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы тың  қажетті мағлұматтарды өздеріне  ала білді. Қазылар алқасы сайысқа қатысушыларға  берілген тапсырмалар кезінде, жекелеген оушылардың дұрыс жауап беруі мен жылдам ойын жектізуін ескеріп, балл санымен бағаланып отырды. Ұтқыр да, шебер жауаптары да ескерілді. Сайыс соңында  жинақталған ұпай қорытындысымен жоғары ұпайға ие болған жеңімпаздар анықталып,  оқ бойы озып шыққан оқушылар, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы:
І орын- 9 «Ә»сынып оқушысы Сыздықова Жанар.
ІІ орын – 9 «Ғ» сынып оқушысы Тоқтарбаева Жаннұр.
ІІІ орын – 9 «Д» сынып оқушысы Тахир Анар иеленді.
Сайысты ұйымдастырушылар: Абдирахметова Г.О, Байманова А.А.
17.11.2021 ж. күні Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай «Дауылды жырдың дауылпазы» атты сайыс өткізілді. Сайыс 2 бағыт бойынша өткізілді.  1кезеңде оқушылар Қасым Аманжоловтың өлеңін жатқа мәнерлеп оқыса, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты ақындар мүшайрасы бағытында сайысқа қатысушы жас ақындарымыз Қасым Аманжоловқа арнау өлеңдерін жазды.
Сайыс мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны, «Тереңде тұнып жатқан дауыл» жырдың иесі Қасым Аманжоловтың мерейтойына орай ақынның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, жыр көшіндегі ұлы Абайдың ізімен қазақ жырын тезге салған, өртке тиген дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру. Ақын жырларын қамти отырып, оқушылардың Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылығын дамытып, ақындық қабілетін шыңдау.
Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындарға ие болып марапатталды.
Сайыс қорытындысы: Мәнерлеп оқу бағыты бойынша
Бас жүлде Махсет Фарида
I орын Бекболат Нұртас
II Орын Реймбаева Назерке
II орын Жұмаберді Аяулым
III орын Каналбаева Диана
III орын Мизанбай Мұса
III орын Казиева Каусар
Ақындар мүшайрасы бойынша:
I орын Орынова Айнұр
II орын Махмуд Ерасыл
III Тлепова Динара
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің "Ұлы даланың дара тұлғалары" апталығы аясында 18.11.2021 ж. күні «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында 10-сыныптар арасында зияткерлік сайысы өтті.  Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың  білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Сайыс басталмас бұрын ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалып, тәуелсіздікке арналалған бейнеролик көрсетілді. Сайысқа қатысушыларды топтарға бөлу «Сиқырлы дөңгелек» әдісі арқылы жүзеге асырылды. «Білгірлер» және «Тапқырлар» тобынан құралған сайыс қатысушылары өз білімдерін сынады Сайыс 3 кезеңнен тұрды:                                                                                           І кезең «Таңдаулы тақырыптар». Үш түрлі тақырып бойынша 12 сұрақ берілді. Топтар кезегімен тақырып таңдады. Дайын топ қоңырау тетігін басу арқылы сұраққа жауап берді.                                                                                                                   ІІ кезең «Тұлғадан сұрақ». Бұл кезеңде әр түрлі пәндер бойынша экраннан тұлғалар сұрағы автоматты түрде таңдалып, таңдалған сұраққа бірінші белгі берген топ жауап берді.  ІІІ кезең «Капитандар жекпе-жегі». Топ капитандары  60 секундта берілген сұрақтарға жауап берді.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында 10-сыныптар арасында өткізілген зияткерлік сайыста «Білгірлер» тобы 39 ұпайды жинаса, «Тапқырлар» тобы 51 ұпайды қанжығасына байлап, жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталды. 
Сайысты  ұйымдастырушылар: Акмурзаева Б.С.     Эсетова К.М. Эзжанова Б.А.                                                                                                                 
19 қараша күні  апталықтың жабылу салтанаты болды. Жабылу салтанатын елі үшін аянбай қызмет еткен ұлт зиялысы А.Байтұрсынов туралы көріспен басталды. Іс-шара барысында Қ.Аманжоловтың «Атамекен» әнін 5-сынып оқушылары хормен орындап шықты.  Сондай-ақ апталық барысында өткізілген әрбір күнге тоқталып, ұйымдастырылған сайыстарды қорытындылап, жеңімпаздар марапатталды.

13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11 13.12.21 11