Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе
Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе
Бүгін 10 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіз елдің ұланымыз!" атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақ бойына, еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптасытыру.Байқауда І орынды Мыңбай Майра мен Түгелбай Әсем, ІІ орынды Орынбасарова Гүлнұр мен Сансызбаев Қоблан, ІІІ орынды Сагидулла Айжан мен Бейсенбай Аяулым алып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқауды ұйымдастырған "Айгөйлек" үйірмесінің жетекшісі Садикулова Ақжайық
Атамекен селосындағы "№7 жалпы білім беру орта мектебінде" 03.12.2018 ж. жаңа білім беру мазмұнындағы облыс деңгейіндегі тренер Аймағанбетова Зулайха мен Ілгері деңгей мұғалімі, оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махатова Тутиның ұйымдастыруымен мектеп ұжымымен "Жарқын болашаққа- жаңашыл ұстаз" тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингте мұғалімдер білім сапасын көтерудегі ұстаздың рөлі, мектептегі кедергілер мен шығу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Мектеп процессінде кездесетін педагогикалық жағдаяттарды шешу сұрақтарына жауап берді.
Жиналыс соңында мектеп әдіскері А.Балиева ұжыммен педагогикалық әдеп қағидалары бекіту заңымен, Білім заңының педагог қызметкердің мәртебесі туралы баптарын талқылады. Мектеп басшысы Нұрбаева Қансұлу Дүйсенқызы қорытынды сөзінде педагог қызметкер өз мәртебесін өзінің кәсібіне деген адалдығымен және шеберлігімен шындау арқылы көтеретіндігін айтты.
22 қыркүйек 2018 ж, Тақырыбы: «Критериалды бағалаудың өткізуінің тәртібі» коучингі бастауыш пән мұғалімдеріне жүргізілді.
№7 орта мектепте 10.01.2018ж. күні «Жаңа білім беру мазмұнындағы сұрақ қоюдың маңыздылығы» тақырыбында коучинг өтті. Коучингті жүргізген ІІ деңгейлі коуч, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Едилова Гүлзира Сейітқызы.
Коучинг мақсаты – әріптестерге жаңа білім мазмұнындағы сұрақ қоюдың тиімділігі, оқушының ойлау дағдыларын дамытуға сұрақтың маңызды екенін ұғындыру барысында әдістемелік көмек беру. Коучингке мектеп мұғалімдерімен бірге мектеп тренері Д.Алдабергенова мен аудандық тірек мектептің көшбасшысы С. Орынбасаровна қатысты.
Жаңа білім мазмұнына сәйкес, мектебімізде әр аптаның сенбі күндері мұғалімдерге арналған семинар, коучинг, шеберлік сыныптары өткізілді. 21.10.2017ж. күні «Білім базмұнының жаңару кезеңінде мұғалім құзыреттілігін арттыру арқылы табысты оқыту».
Коучингті жүргізген Жоғары деңгейлі математика пәні мұғалімі Алдабергенова Дина Ерғалиқызы, «Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі»ІІІ деңгейлі математика пәні мұғалімі Абдырова Гульсун Исламқызы және «На земле есть много професий»ІІІ деңгейлі орыс тілі пәні мұғалімі Сейтенова Шолпантақырыбындағы шеберлік сыныбын өткізді. Бұл коучингтің мұғалімдерге берген әдістемелік көмегі зор болды деп есептейміз.
Жаңартылған оқу бағдарламасының мәні - баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Бұл орайда ең алдымен ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі.
Жаңа білім мазмұнына сәйкес, мектебімізде әр аптаның сенбі күндері мұғалімдерге арналған семинар, коучинг, шеберлік сыныптары өткізіліп келеді. Соның бірі 14.10.2017ж. күні өткізілген «Жаңа мазмұн- жаңа талап» тақырыбындағы коучинг. Коучингті жүргізген ІІ деңгейлі коуч, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Едилова Гүлзира Сейітқызы.
Коучингтің мақсаты- әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа тәсілге деген көзқарасын байқау. Коучингке барлық пән мұғалімдері қатысты. Коучинг барысында мұғалімдер жаңа бағдарламаның ерекшелігімен таныса отырып, жаңа білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімнің жаңа бағытқа қарай өзгеруі тиіс екенін түсінді. Ойлау дағдыларына сәйкес, түрлі тапсырмалар орындау барысында саралау тапсырмалары мен талқылау сұрақтары, проблемалық сұрақтар жөнінде мағлұмат алды. Коучинг соңында «Шығу парақтарын» толтыру арқылы коучингте үйренгендерін ортаға салып, пікір алмасты. Коуч мұғалімге алғыстарын білдіріп, келесі коучинг критериалды бағалау жөнінде болса деген ұсыныстарын да жеткізді. Бұл коучингтің мұғалімдерге берген әдістемелік көмегі зор болды деп есептейміз.