Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18/05/2022  Сәрсенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

«Мектепке жол» қайырымдылық   акциясының  қорытынды ақпарлама

«Мұнайлы ауданы Атамекен селосының  №7 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі бойынша «Мектепке жол» акциясының өтуі туралы Мұнайлы аудандық білім бөлімінің 04.08.2021ж күнгі №01-13-865 хатын  басшылыққа ала отырып 01 тамызбен  30 қыркүйекке дейінгі мерзімде жалпыға міндетті оқу айлығы «Жүректен жүрекке» ұранымен өткізілген  «Мектепке жол» акциясының қорытынды  ақпарламасы.   
2021-2022 оқу жылында «Мектепке жол» акциясының іс-шаралар жоспарын жасап, жасалған жоспар бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың дерек қорын қалыптастыру анықтау мақсатында Әлеуметтік педагог тарапынан Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округ әкімдігіне және Атамекен селосында орналасқан барлық ұйымдарға, бизнес-құрылымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға, көмек көрсету мақсатында   аталған акцияға қатысу үшін хаттар жолданды.
Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың  жаңа оқу жылына дайындалуына және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауының алдын алу, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.
Биылғы оқу жылында мектепте оқитын оқушылар саны анықталып, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, барлық оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етілді.
25.08.2021 жыл күні «Мектепке жол» акциясының  мерекелік іс-шарасы өткізілді, Атамекен селолық  әкімі Н.Мұстафаев  және Атамекен ауылдық округінде орналасқан бизнес құрылымдар, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен мектебімізде оқитын отбасы жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетілді. Атамекен селолық әкімшілік тарапынан 15 оқушымызға мектеп сөмкесімен қоса құрал жабдықтары берілді.
Акцияға өз үлестерін қосқан демеушілеріміз «Жұмыспен қамту орталығы 5 оқушыға мектеп формасы, мектеп сөмкесі, оқу құралдарымен қоса алып берді. Мұнайлы аудандық маслихатының депутаты Nur Otan партиясының мүшесі М.А.Ғабитұлы 4 оқушыға мектеп формасын алып берді. «№7 ЖББМ» ұжымы 175 оқушыға мектеп формасын және  мектеп сөмкелерімен қоса оқу құралдарын алып берді.
Өз үлестерін қосып қолдау көрсеткен демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз.
2021-2022 оқу жылының барысында «Мектепке жол» акциясында мектебіміздің 199 оқушысына  көмек көрсетілді.           

                             Әлеуметтік педагог                                     Джангалиева Г.Ч

06.12.21 1 06.12.21 06.12.21 06.12.21