Коммуналдық мемлекеттік мекеме

№7 жалпы білім беру
орта мектебі

    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

05.04.2019 жыл күні 1 «Г» сынып жетекшісі Иманбаева Жеңісгул оқушылар арасында «Қандай азық-түліктер пайдалы?» байқауын ұйымдастырды. Ондағы мақсаты Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, тамақтану сауаттылығының бес негізін, тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін ,ойлау қабілетін, ой-өрісін, дамыту; Жеке бас тазалығын сақтау, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру болды.

Сынып оқушылары өте белсенді қатысып, өнерлеріменде бөлісті. Жеңімпаздар марапатталды.

Қатысқандар: Мектеп мұғалімдері, ДТЖО Келешова Г, әлеуметтік педагог Джангалиева Г.

27.10.2018ж. күні "Ерте жүктіліктің алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысты "Бәйшешек" фондының директоры Сақтағанова Алтын Сарсеновна жəне облыстық оқу-әдістемелік жəне қосымша білім беру орталығының әдіскері Назарова Дариға жүргізді. Жиналысқа ДТЖО Д.Танатарова, мектеп психологі Г.Қартбаева және 5-11-сынып қыз балаларының ата-аналары қатысты.

24 қазанда мектебіміздің 5-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Қайырымдылық-жылы жүректен" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. 5-сынып оқушыларның ата-аналары аз қамтылған отбасыға қолдау көрсетіп, игі іс жасады. Қатысқандар: мектеп мұғалімдері, ДТЖО, мектеп психологы, әлеуметтік педагог және 5 сынып жетекшілері мен ата-аналары.