Бүгін 09.12.21ж күні 9 сыныптардың арасында “Мамандық-өмір таңдауы” атты пікір-талас кеші өтті. Пікір-талас кешіне қатысқан ата-аналар, сынып жетекшілер мен оқушылар тақырып аясында сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Мақсаты: Әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастырып, оқушыларымызға болашақ мамандықты дұрыс таңдауына көмектесу, кәсіптік бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Ата-аналарға “Сіздің балаңыз өзі таңдаған мамандығы жайында кеңес сұрады ма? Бала мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай? “ оқушыларға “Адам өзін белгілі бір мамандық таңдауда қашан, қалай дайындалу керек? Қандай маман иесі болуды армандайсың? Ол мамандық туралы не білесің? ” деген т.б сұрақтар қойылды. Пікір-талас соңында мектеп психологы Қартбаева Гүлжамал Тиекбаевна мамандық таңдауға көмектесетін “Сізге қай мамандық лайық?” деп аталатын психологиялық тестпен “Уақыттың қадірі” атты тренингін жүргізді. Ұйымдастырушы бейіндік оқу ісі орынбасары Келешова Гульсун Мухаммадовна ата-аналар мен оқушыларға мамандық таңдауға кеңес атты жаднамаларын үлестіріп, қатысушыларға алғысын білдірді.
⚜️Кәсіптік білім беру-заман талабы. Бүгін мектебімізде Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері 9-11 сынып оқушыларымен танымдық кездесу өткізді. Мақсаты: 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру, жергілікті оқу орнының ерекшеліктерімен таныстыру, болашақ мамандықтарын айқын да, сенімді таңдай білуге кеңес беру. Жер кадастры мамандығының 3 курс студенті Дүйсен Аружан мен құқықтану мамандығының студенті Жақыпұлы Сахаба оқу орнының ерекшеліктерімен, университете оқытылатын мамандық түрлерін және оқу орнында қарастырылған жеңілдіктер сонымен қатар университеттің арнайы оқу корпусы, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен спорт кешені бар екені туралы ақпараттар беріп өтті. Кездесу барысында анкеталар толтырылып, ойындар ойнатылды. Ерекше қатысқан оқушыларға өз сыйлықтарын тарту етті. Кездесуге 9-11 сыныптан 300 оқушы қатысты.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бағамдау мақсатында жүргізілген тренинг нәтижесінің ақпараты.
Тақырыбы :1. «Психологиялық диагностика
2. «Танысу» жаттығуы
«Өзіңнің қорқыныштарыңмен биле»
Күні:15.09.- 19.10. 2018ж
Қатысқан : 11 сынып оқушыларынан – 43
Кездесу барысы: Оқушылармен Бағдарламаның тақырыбы, мақсаты айтылып, 1 кездесуді диагностикалық байқаумен бастайды. Төмендегідей әдістемелер жүргізіледі:
«Мамандыққа қызығушылығы кәсіби бағдар беру Е.А.Климов тест» Адам-адам саласы еңбек обьектісі ретінде әлеуметтік топтар кіреді, қызмет көрсету жүйесі, медицина,педагогика,заң қызметі т,б.
Адам-табиғат саласы еңбек обьектісі тірі табиғат өкілдері,бұл қатынастағы кәсіпке агроном,зоотехник,малшы, мал дәрігері,бағбан,орманшы т.б.
Адам-техника саласы еңбек обьектісі техникалық жүйелер ,бұл қатынастағы кәсіпке радиомеханик,токарь, слесарь,көлік жүргізкші, компьютерлік техника маманы т.б.
Адам-көркем бейне саласы еңбек обьектісі көркемдік бейнелер, бұл қатынастағы кәсіпке зергер, фотосуретші, музыкант, сазгер, суретші, өнертанушы, жазушы т.б.
Адам- белгілеу жүйесі саласы еңбек обьектісі шартты белгі, кодтар ,бұл қатынастағы кәсіпке бағдарламашылар, статист,экономист маманы т.б.
Интерпретатция: оқушылардың көпшілігі адам –адам саласы бойынша -27 Адам-техника саласы бойынша-4, Адам-табиғат саласы бойынша-4 Адам- белгілеу жүйесі саласы бойынша-4, Адам-көркем бейне-4 бейімділіктерін көрсетті. Осы салаларға байланысты кеңес беру,тренинг жұмыстары өткізілді. Жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде оқушылардың қандай да бір мамандыққа деген қызығушылықтарының аясы анықталды. Биылғы 11-сынып оқушыларының басым қызмет көрсету жүйесі, медицина,педагогика,заңқызметібөлігінің мамандықтарға қызығушылықтарының жоғары екендіктері байқалады. Яғни, бұл нәтиже алдағы уақытта сынып жетекшілері тарапынан оқушылармен мамандық таңдауға байланысты ағарту жұмыстарын жүргізу қажет екендігін көрсетеді.Зерттеу жұмысының нәтижелері сынып жетекшісі мен оқушыларға таныстырылып, олармен мамандық түрлеріне байланысты әңгіме жүргізілді. Әрі қарай тренингпен жалғасты.
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтқызып,оқу жыл басында жаңадан келген оқушылармен танысып,өзара қарым-қатынас орнатылды.
ҰБТ-дің жаңа форматымен таныстырылып,тестілеу уақыты, шекті балл жайлы түсінік берілді.Таңдау пәндерін мұқият таңдаған мамандықтарына байланысты болуы керектігі жайлы ата-аналарымен ақылдасып дұрыс шешім қабылдаулары туралы айтылды.
Ұсыныс:
Сынып жетекшілері оқушыларға бағыт беру мақсатында қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды алға тарта отырып, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Қорытынды нәтижені ескере отырып ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы оқушыларға қажетті және дұрыс мамандық таңдай білуге көмектесу жолдарын ұсыныс ретінде жеткізу.
Әлі күнге белгілі-бір тоқтамға келмеген оқушылармен ата-аналарына ескерте отырып, қажетті көмек көрсету
11- сынып оқушылары
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бағамдау мақсатында жүргізілген тренингтің нәтижесінің ақпараты.
Тақырыбы :
1.«Өз уақытыңды үнемде»
2. «Мәселелер шеңбері» жаттығу
3. «Тайм-менеджмент» жаттығуы
Күні:15.02.2019ж
Қатысқан : 11 сынып оқушыларынан – 21
Кездесу барысы:Алдыңғы кездесудің рефлексиясы: Сенімділікті қалай орнатуға болады екен? Бұған бізге не көмектеседі?
Тестен жақсы, сәтті өтуіміз, біздің қаншалықты уақытты үнемдей аламыз және өзіміздің энергиямызды, күшімізді жоғалтпауымызға байланысты екендігі жайлы еске түсіріліп,ең басты міндет - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыру, тесттің сұрақтарымен жұмыс болып табылатындығын айта отырыпсонымен, ҰБТ-ның сәтті өтуі тек қана білімнің, өзіңді ұстай алуыңмен ғана емес, сонымен қатар ең құнды – уақытқа байланысты деп нақты айта отырып,ҰБТ-да өзіңнің жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыру жөнінде әңгімелесеміз.
«Мәселелер шеңбері» жаттығу
Мақсаты: уақыттың жетіспеу себебін анықтау
Нәтижесі: Мәселені шешу үшін ең алдымен уақыттың жетіспеу себебін анықтау қажет:
Үнемі асығыс. Асыққан кезде қазіргі уақытта орындап жатқан тапсырмаға зейін қоюға үлгермейміз.Сондықтан себебінің тізімін құрастырады оқушылар ,олардың ойласуы бойынша мынаджай тізім шықты:1.Жұмыстың қабаттасуы.
2.Басқа тапсырмаларды орындауға уақыт үнемделмейді.
3.Шамадан тыс шаршау.
4.Күнделікті асығыстық.
5.Бұл ҰБТ-да нашар ұйымдастырушылықтың нәтижесі.
6.Жоспарсыз жұмыс.
7.Бір пәннің сұрағынан басқа пәнге ауысасын.
8.Жоғары балл алуға ұмтылысы жоқ.
Талқылау: оқушылар өздері осы мәселерді шешу үшін күнделікті уақыт күнтізбесін жасап тәжірибеден көруге шешім қабылдады.
«Тайм-менеджмент» жаттығуы
Сондықтанда өз жұмысыңды нәтижелі жоспарлау үшін, уақытты тиімді пайдалануымыз қажет. Ол үшін оқушылар параққа сағаттың суретін салып, таңертең тұрғаннан ұйықтауға дейінгі күн тәртібін жобамен жазып көрді,әрқайсысы параққа тапсырманы орындауға уақытты бөлуге тырысып кореді.
30% бірден орындай алатын тапсырмаларға уақытты бөлеміз
60% уақыт ойлануды қажет ететін тапсырмаларға
30%интуициямызға байланысты шешетін уақыт бірақ толықтырулар керек екендіктерін айтты.
Талқылау:
Тапсырманың маңыздылығына қарай бөлу: күшінді бөлі еңбірінші, екінші, соңында атқаратын тапсырмаларға бөлу. Егерде осындай қарапайым ережелерді ұстансақ келесідегідей жетістіктерге жетуге болады:
кімнің уақыты неге жұмсалады? Көбінде қайда жұмсалады? Уақытты тиімді қолданамыз ба екен? Оқушылар әрқайсысы өзіндік талдау жасады.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бағамдау мақсатында жүргізілген тренингтің нәтижесінің ақпараты.
Тақырыбы :
1.«Сенімділік орнат» (Әңгімелесу)
2.Сенімділікті неден бастау керек?(Кеңес)
3. «Ішкі дүние» сурет(Проективті тест)
4. «Мен неден қашамын» (Жаттығуы)
Күні:18.01.2019ж
Қатысқан : 11 сынып оқушыларынан – 15
Кездесу барысы:
Бірінші кездесудің рефлексиясы:
Қорқыныш, үрей дегеніміз не? Қалай оны көруге болады? Бұлшықеттің күшін түсіре алдыңдар ма? Қандай қиындықтар болды? Қорқыныш, үреймен қалай күресуге, жеңуге болады екен? Өз-өздеріңе сенімділікті сездіңдер ме, өздеріңді бақылай аласыңдар ма екен? Қалай ол болды?сұрақтары төңірегінде оқушылар өз ойларын айтты.
Әңгіме
Кейбір жағдайларда қорқыныш сендерді билейді: ұтылу, жеңіліп қалу қорқынышы араласып, кедергі келтіреді. Әрине осы тұста оқушылар серуендеуге немесе әуен тыңдап,қорқыныш энергиясын басу үшін билеу сияқты әдістерді қолданатыны жайлы өз ойларын қосты.
«Ішкі дүние» сурет
Мақсаты: сол мезеттегі тұлғаның ішкі дүниесін білу
Қазір сіздердің ішкі дүниеңізді, сіздің эмоциаңызды бейнелейтін қандайда бір сурет салды.
Талдау: Жаттығу соңында суреттер жинап алынып, әр қатысушы өз қалаулары бойынша, суретінде қандай көңіл күйді бейнелегенін әңгімелеп берді. Бірақ оқушыны суретіндегі бейнеленген көңіл күйін әңгімелеп бергісі келмеген жағдайлар болды.
«Мен неден қашамын» жаттығуы
Мақсаты: өзара сенімділік пен топты ңашық қатынасын туғызу.
Әр қатысушыға қарандаш, парақ және 5 мин. уақытберілді. «Мен неден қашамын» тақырыбына тізім жазу керектігі түсіндірілді. Оләңгіме тақырыбы, сезім, жәнетұлға мен әрекет, көзқарас пен пікір болуы мүмкін. Оны өзіңді айыптамай және кімде-кім бұл туралы не айтады екен де пойламай істеу керек.
Талдау: тізім жазу қиындық келтіргенін,бір нәрсені ұнатпайтындықтарын және оны мойындап жазудың қиын болғандықтарын айтты. Бірақ жаттығудың бір жақсысы өзіңді мойындатуға мүмкіндік беретіндігін кейін топпен жақсы талқылау өткізді. Бұл әңгімеде қатысушылар өз мінез-құлқын өзгертуді және сол сияқты қандай да бір заттардан қашпау керектігін, неден қашатынымызды білген кезде ғана, бізге жағдайды өзгерту жеңіл болатындығын, егер адам нақты кедергіні сезінсе, оның қайдан шыққанын оңай түсінуге болатындығы жайлы өз ойларымен бөлісті.
11 сыныптар тренинг барысында сұхбаттасуда
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бағамдау мақсатында жүргізілген тренингтің нәтижесінің ақпараты.
Тақырыбы: «Өз уақытыңды үнемде»
Мақсаты: Ұбт кезінде уақытты қалай үнемдеуге ақпарат беру.
Күні: 19.02.2019ж
Қатысқан: 11 сынып оқушыларынан-25
Кездесу барысы: «ҰБТде уақытты қалай үнемдеу қажет» жаттығуы
Мақсаты: қатысушыларға ҰБТ -да уақытты бөлуге және ойлануға мүмкіндік беру. Әрқайсысы параққа тапсырманы орындауға уақытты бөлуге тырысып кореді. Оқу және талқылау Рефлексия.
Уақытты дұрыс бөлу:
30% бірден орындай алатын тапсырмаларға уақытты бөлеміз
60% уақыт ойлануды қажет ететін тапсырмаларға
30% интуициямызға байланысты шешетін уақыт
Нәтижесінде оқушылар шешім қабылдау – яғни бұл ең бастысын құру екендігін түсінді.
Уақытты қалай үнемдеу керектігін білді.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бағамдау мақсатында жүргізілген тренингтің нәтижесінің ақпараты.
Тақырыбы: «Өмірлік оқиғаларға және жауапты жағдайларға өзіңді
қалай дайындау керек».
Мақсаты: өмірлік оқиғаларға қалай дайын болу керектігін түсіндіру.
Күні: 06.03.2019 ж.
Қатысқан: 11 сынып оқушыларынан - 23
Тренинг барысының мақсаты:
Өмірде кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдары.
Ойынның шарты бойынша қатысушылар шатасу кезіндетығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары қажет.Қандай жағдай болмасын бір-бірінің қолдарын босатпауы қажет. Әбден жазылғанда тығырықтан шығады.
Алған әсерлерімен бөлісу :
Шатасу кезінде кім не сезінгені, қандай әсер алғандарын шеңбер бойы айтып шықты. Қандай кедергіге тап болғандарын, ол не нәрсе, оны қалай жеңгендерін жеткізді.
Нәтижесінде оқушылар емтихан кезінде қобалжуларын қалай басу керектігін білді.
Оқушылар тренингтер жақсы әсер алғанын айтты.
11сынып оқушылары тренингтен алған әсерлерімен бөлісуде.
8. Өткізілген жиналыстар
Оқушылар және ата-аналармен 4 рет қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы жиналыстар өткізілді : 07.09.2018, 30.10.2018 ,05.01.2019 , 01.04.2019 ж.