№7 жалпы білім беру орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен әдеп кодексі 12 қазан 2020 жылы № 159-нқ бұйрығымен бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аршеева Гаухар Бектасовна әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 қаулысымен бекітілген "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне" "№7 жалпы білім беру орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемеге филантропиялық қызметтен және демеушілік қызметтен, немесе меценаттық қызметтен, және кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты ашылғандығы туралы мәліметін береміз. БСН - 110840007761, ҚБШ -KZ540704034648107001.
28.11.2017 ж. сағат 11 00-13 00 аралығында мектепішілік «Алтын күз-2017» байқауы өткізілді. Байқаудың міндеті мен мақсаты Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Мектебімізде 21-30.11.2016 ж 1-11 сынып оқушыларына Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Біздің Елбасы», «Елбасы және Елорда», «Менің Президентім», «Тұңғыш Президент күні» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.