Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23/01/2022  Жексенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бүгін мектебемізде "Тәуелсіздік - тәтті сыйы бабамның" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік жиын "Азаттық құны" деп аталатын поэтикалық композициямен ашылды. Жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары М.К.Созакбаев және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Тәуелсіз елдің ұрпағы өз елін, азаттығын мәңгі жырлап өтеді. Олар тәуелсіздікті тәу етер жалғыз кием деп ұғады. Әр қазақстандықтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатар мейрам қарсаңында мектеп оқушылары мен мұғалімдері тәуелсіздікке арнап жалынды жырларын оқыды, ән айтылып, күй де шертілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мектеп директорының алғысымен марапатталды. Сонымен қатар, Атамекен  селолық округі әкімінің алғысына ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Мұғалім үшін ең жақсы марапатты - оқушылар ғана береді" деген оймен келісер болсақ, мектебіміздегі Өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп президенті Х.Тұрлыбек ең үздік деген мұғалімдерімізді оқушылардың атынан марапаттады.
МЕРЕКЕ ТАҒЫ ДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

21.12.21 1 21.12.21 1 21.12.21 1 21.12.21 1