Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30/03/2023  Бейсенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 

14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

№7 жалпы білім беру орта мектебінде 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Мектебіңе кітап сыйла!» акциясы өтеді.

Ақцияның мақсаты мектеп оқушыларының рухани байлығын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Акцияға жаңа басылымдармен қатар қолдануға жарамды тарихы мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады.

Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз!

Акция қорытындысы мектеп сайытында және фейсбук желісінде жарияланады. Акцияға белсенді қатысқандар, акция ұйымдастырушылардың алғыс хаттарымен марапатталады.

Акция жайлы мына адреске хабарласыңыздар: тел: 8(775)487-44-63

№7 жалпы білім беру орта мектеп кітапханасы

"Мектебіңекітап сыйла" акциясы жалғасуда

18.01.19ж "Мектебіңе кітап сыйла" акциясына Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы А.Таласбаевна 27 кітап, Р.Байталасова 2 кітап, Р.Шамуратова 1 кітап, Г.Амантаева 7 кітап сыйлады. Акцияға қатысушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс айта отырып, барлық оқырмандарды акцияға қатысуға шақырамыз.

Тақырып: «Ата Заң»

Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.

Көрнекілігі: Заң туралы кітаптар, плакаттар.

Жоспар:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. «Ойлан, тап!» ойыны.

3. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»

4. «Заңды білу – міндетің …» (сұрақ – жауап ).

5. «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?!» ойыны.

6. Қорытынды.

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Кітапханашы:Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 17 жыл толып отыр.

«Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым! Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азамат өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі - өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз. Біздің Негізгі заң – бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.
Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті.

Кітапханашы:Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады.

(Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады.)

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

II. «Ойлан, тап!».

Бұл ойында мен сендерге сұрақ қоямын. Сұраққа жауапты білетін оқушы қол көтереді.

1. Ата Заңы қай күні, жылы қабылданды? (1991 жыл 30 тамыз).

2. Ал, Тәуелсіздік күні қай күні және жылы қабылданды? (1991 жыл 16 желтоқсан).

3. Балалар Елтаңба авторларын білесіңдер ме, атап өтіңіздерші? (Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

4. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым қалай аталады? (Президент).

5. Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды? ( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿

6. Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер құрамындағы алғашқы Конститутция қай жылы қабылданды, ( 1924 жылы ﴿

7. Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді»? (1998 және 2007 жылдары)

8. Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді?
( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді).

9. «Фемида» сыйлығы биылғы жылы кімге берілді?
(Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа﴿

10. Өте жақсы, Президентіміз қашан сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан)

Ән: «Қазақ елі».

III. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»

Кітапханашы:Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздерде, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыңыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.

2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.

4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.

6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.

Кітапханашы:

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

IV. «Заңды білу – міндетің …» (сұрақ – жауап )

1.Сіз ҚР Үкіметінің мүшесісіз. Үкімет мүшесі ретінде кімнің алдында ант бересіз?
( Қазақстан халқы мен Президентінің алдында)

2.БҰҰ-ның 1948 ж. қабылданған « Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы » қанша баптан тұрады? (30-бап)

3.Депутаттардың ұйымдасқан тобы қалай аталады ?(Фракция)

4. Президент ҚР Үкіметінің құрылымын кімнің ұсынысымен айқындайды?
(Премьер-министр)

5. 17 желтоқсан қандай күн – демократиялық жаңару күні

6.АТКРЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы

7.Сіз ҚР-ның Президентісіз. Парламент өзінің кезекті заңын ұсынады. Ұсынған заңға қандай мерзім аралығында қол қойып, бекітесіз? (1 ай ішінде)

8.Құқық пен әділдік құдайы кім? (Фемида)
9..Құқық дегеніміз не ?

(мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

10.АТТӨЛЖҰҚ - азаматтықты куәландыратын құжат.

11.Сенаттың неше депутатын Президент тағайындайды? 15 депутатын

12.Бала құықтары туралы конвения қашан қабылданды? (1989 ж.20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында)

V. «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?!» ойыны.

Екі топқа үлкен ақ қағаз, түрлі-түсті бояулар беріледі. Бірнеше сұрақтар беріледі, сол сұрақтар бойынша топ мүшелері өздері өмір сүретін мемлекеттің құрылысын сызады. Өздері сызған келешек мемлекеттерін қорғайды (уақыт 7 минут).
Сұрақтар:
1. Өздерің тұратын мемлекеттің атын қойыңдар, шекарасын сызыңдар /қандай
мемлекеттермен шектеседі, қандай мұхит, теңіздер мен шектеседі?/
2. Өз мемлекетіңнің туын, елтаңбасын сызыңдар;
3. Мемлекеттің астанасы /құрылысы қай жылы салынған, кім салды, атын ойлап тап/.
4. Мемлекеттің негізгі өзендерін белгіле;
5. Негізгі ірі қалаларын белгіле;
6. Қандай адамдар тұрады, портретін сызыңдар;
7. Ірі кәсіпорындарын орналастырыңдар;
8. Негізгі жол торабын түсіріңдер;
9. Қандай атақты адамдар тұрады
10. Өз отандарыңа арнап 4 жол өлең шумақтарын арнаңдар;(қорғау 7минут)

VI. Қорытынды.

Сондай-ақ, балалар, қазақ даласында сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды. Ал, осы билер Сотының ертеден келе жатқан ерекшеліктері жайлы қазақтың бір туар ұлы Шоқан Уәлиханов айтып кеткен.

Болашақта заңгер болмасақ та, қарапайым азамат ретінде өз құқығын қорғай алатын адам болу үшін үнемі құқықтық білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Болашақ құқықтық Қазақстан Республикасының тағдыры өз қолдарыңда. Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі – ақ талай белестерді бағындырып, жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Ата заңың-мерейің,
Мәртебең мен беделің.
Ата заңмен өркендеп,
Өсіп, өрлей берейін!