Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бағамдау мақсатында жүргізілген кеңес беру нәтижесінің ақпараты.
Күні: 05.12.2017ж
Қатысушылар:11 сынып оқушылары.
ҰБТ-ге дайындық кезінде стратегиялық және тактикалық тәртіптермен жұмыс істеуге,оқушыларды өздеріне сенуге өздерін қадағалауға, сенімділікке ұмтылдыру мақсатында кеңес жұмыстары жүргізілді.
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек?
· Қиын жағдай кезінде сасқалақтап қалмау үшін шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ.
· Тесті сұрақтарына аз-аздан бөліп тыныштықты сақтап дайындалыңыз.
· Ойыңызды жинақтау қиын болса,жеңіліннен бастап,содан кейін қиынынан бастаңыз.
· Шаршаңқы көңіл-күйден арылу,босаңсуға жағдай жасайтын жаттығуларды жасауды дағдыға айналдыру қажет.
· Бірінші психологқа барып,өзіңді мазасыздандырып жүрген сауалдарды ашық айтып,ой бөліс.
· Жақсы нәтижеге жетудің тиімді жолдарын ізден,талаптан.
· Күрделі істен мазасызданып,жабырқап қиналған сәтте,бақытты сәтіңді еске түсір.
· 1-ден 100 ге дейін,100-ден 1-ге дейін санау жаттығуын жаса.
· Талапкерлік,білімділік,сенімділік,қабілеттілік, ерінбей еңбектену осы қасиеттер жиынтығы сені қандай қиындықтанда алып шығады.
Кеңес нәтижесі бойынша оқушылар өз ойларымен бөлісті. Өздерінің дайындалу тәжірибелерімен бір-бірімен пікірлесу жүргізілді. Кездесу өз дәрежесінде өткізілді.
Мектебіміздің жас мамамандарын бейімдеу мақсатында, мұғалім этикасы және тұлғаның адами көз қарасымен ұжымда жағымды ахуалды қалай қалыптастыруға болатындығы жайлы кеңестер беріліп, дөңгелек үстел өткізілді.