Коммуналдық мемлекеттік мекеме

№7 жалпы білім беру
орта мектебі

15/07/2020  Сәрсенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

Бүгін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Таңатарова 8-сынып оқушыларына "Отанға, туған еліне, қоршаған адамдарға, ұлттық дәстүрге, тарихи мәдени құндылықтарға құрметпен қарау" тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді.

25 қазанда 4 "Ә" сыныбында "Төл теңгемізге-25 жыл" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Оразалова Урбигул. Ашық тәрбие сағатында тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстырып, Отансүйгіштік патриоттық сезімдерін оятатын "Атамекен", "Көк тудың желбірегені" т.б. әндермен, өлеңдер шырқалды. Тәрбие сағатқа 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері және ДТЖО лар қатысты.

Бүгін 3-сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге "Отбасы-алтын ұяң" - атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді 3-сынып жетекшілері ұйымдастырды.

2017 жылдың 13-14 желтоқсан күндері мектеп табалдырығын 3 ай бұрын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру,оқушылардың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру, қоршаған дүниені танып білуге жетелеу мақсатында 1 сыныптар арасында «Тілашар-білімге жол ашар!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара өткізілу барысында әр сынып тақпақтарын, өлең жырларын айтып, сахналық қойылым көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шараға оқушылар ата-аналары көрермен ретінде шақырылып, өз балаларын қызықтап, ризашылықтарын білдірді.1 сыныптар арасында ұйымдастырылған іс шара «Өте жақсы» деңгейде өтті деп бағаланды.

1 «А» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Бекова Жамила

1 «Ә» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Мусаева Бибизухра

1 «Б» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі:Наурызакова Сабига

1 «В» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Жанкеева Нургул

1 «Г» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі:Биранова Тынышгуль

1 «Ғ» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Шержанова Гулназ

1 «Д» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі:Алибаева Шолпан

1 «Е» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Бисенбаева Айман

1 «Ж» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы

1 «З» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Ибнаминова Жумагул

1 «И» сыныбының көрсеткен сахналық қойылымы, сынып жетекшісі: Жакипова Рахатай

15.12.17ж күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес, «Мəңгі тəуелсіз ел Қазақстан» тақырыбында 8 «в» сынып оқушылары ашық тәрбие сабағын өткізді. Өткізген сынып жетекшісі: Тулемисова Кларохон.

15.12.17ж күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес, «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» тақырыбында 5 «г» сынып оқушылары ашық тәрбие сабағын өткізді.Оған ДТІО Байталасова Р және сынып жетекшісі: Акмурзаева Бахар қатысқан.

15.12.17ж күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес, «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» тақырыбында 5 «а» сынып оқушылары ашық тәрбие сабағын өткізді.Оған ДТІО Байталасова Р және сынып жетекшісі: Санбаева Г қатысқан.

15.12.17ж күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздіне 26 жыл!» тақырыбында 5 «е» сынып оқушылары ашық тәрбие сабағын өткізді. Оған қатысқан ДТІО Байталасова Рысгүл, өткізген сынып жетекшісі: Қалбаева Ажар .