Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

№7 жалпы білім
беретін мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
16/05/2021  Жексенбі
    +7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

Меню

Ауа райы

26.09.-05.10.2018ж күндері аралығында ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" онкүндігі аясында мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

26.09.-05.10.2018ж күндері аралығында ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" онкүндігі аясында мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінде 1-қыркүйек Білім күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына арналады. Аудандық маслихат хатшысы Назар Бердібек Ізтлеуұлы, Атамекен ауылдық округі әкімі Ибрагимов Ескендір Қожович, Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Иманкулова Маншұк Жақсылыққызы, сонымен бірге ауыл ақсақалдары, ата-аналар қатысты. 2018 – 2019 оқу жылының 1 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларына «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында, 2 – 4 сынып оқушыларына «Мен кішкентай патриотпын», 5-8 сынып оқушыларына «Мен – өз елімнің патриотымын», 9-10 сынып оқушыларына «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі», 11 сынып оқушыларына «Астана менің жүрегім» тақырыптарында алғашқы сынып сағаттары өткізілді. Биылғы оқу жылында болашаққа деген зор үмітпен, мектеп табалдырығын аттаған 1 сыныптарымыз – 250 оқушы болса, алтын ұя мектебіндегі қимас шақтарымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қомдап ұшқалы отырған 11 сыныптарымыз 2 сынып, 52 түлегіміз бар.

12.04.2018 ж. күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 6-11 сынып оқушыларына «Телефон арқылы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, кіші қызметкерлер, ата – аналар қатысты. Жиналыстың басты мақсаты: телефон арқылы «Терроризм актісі» туралы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу. Жиналысты мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Танатарова ашты. 1 мәселе бойынша Д.Танатарова «Террористік актілерді болдырмау үшін не істеу керек» тақырыбындағы баяндамасын таныстырып өтті. Телефон арқылы жалған ақпарат беру және хабарлама таратудың алдын алу туралы АӘД пәні мұғалімі С.Утибаев түсіндіріп өтті. Түсінік жұмысынан кейін оқушылар, сынып жетекшілер, ата – аналарға «Радикалды ағымдардың таралуы», «Ақпарат құралдары», «Телефондық лаңкестік» туралы бейнероликтер көрсетілді. Шаруашылық ісі меңгерушісі Т.Қайнаров Төтенше жағдай болған кезде мектеп ұжымы, оқушылардың іс – қимылы туралы айтып өтті. Оқушыларға «Терроризм» ұғымын олардың ойлау деңгейіне сәйкес түсіндірді. Жалғыз машинаға отырмауды, біреудің «кәмпит, не шоколад беремін» деуіне алданбауды, террористердің қауіпті екенін түсіндірді. Олардың барлық нәрсеге баратынын айтты. Тәлімгер Ж.Төретаева оқушыларға, ата – аналарға, мұғалімдерге «Памятка о правилах поведения при возникновении угрозы или совершении акта терроризма» жөніндегі халыққа арналған жадынаманы таратты. Қатысқан оқушы саны: 877, 40 мұғалім, 10 кіші қызметкер, 8 ата – ана.

22-наурыз мерекесіне орай «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» тақырыбында сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойын тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өткізілді.

1-11 сынып оқушыларына «Қош келдің, әз Наурыз!», «Төрлет, құтты Жаңа жыл!», «Кел төрле, мейірлі Наурыз!», «Жаса, жайдары Наурыз», «Ұлыс оң болсын!», т.б тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.

«Наурыз жыл басы!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Концерт аясында әр ауыл өз өнерлері мен ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, ұлттық ойындар ойналып, ұлттық тағамдарды ұсынылды.

Сонымен қатар мектеп мұғалімдері арасында «Әжелер»тобы ән айтты.

Мақсаты: Оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге іззет көрсетуге, салт-дәстүрді санасына тоқытып, бір-біріне деген сый-құрметін арттыру.

Амал мерекесі бұл елдің аман-сау бір-бірімен қауышқандығын, кешірімділігін, сонымен бірге ел бірлігі, ең басты тақырыбы – елдің бірлігін көрсетеді.

Мереке мектеп көлемінде кеңінен тойланды. Таңертең есік алдынан келген адамдарды домбырашылар күймен, оқушы қыздар ыстық бауырсақпен күтіп алды. Оқушылар және мұғалімдер ұлттық киім киіп, бір бірімен көрісе амандасты. Мектеп өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Амал келді–жыл келді» атты мерекелік концерт болды.

1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Қазақстанмен жүрегіміз бір», «Бірлік түбі береке», «Жүректен алғыс арнаймын», «Ассамблея – бірлікке әкелетін жол» тақырыптарында 1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өтті.

«Жүректен шыққан алғысты, бояумен жеткіземін!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» тақырыбында оқушылар сүйікті ұстаздарына, достарына, ата-наларына жақсы сөздермен алғыс айту видеороликтері түсірілді.

Жас ұрпақты білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулып, табандылықпен еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғыс айту мақсатында ұйымдастырылған «Көзін аштың бұлақтың» атты аудан ұстаздарына алғыс айту салтанатты кеші ұйымдастырылды. Салтанатты шарада оқушының қабілетін дамытып, дарындылығын аша біліп, облыстық олимпиада да ауданның білім саласының қоржынын 31 жүлделі орынмен толықтыра түскен мұғалімдер алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. 1979 жылы желтоқсан айында Қеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. 1989 жыл 15 ақпан – Қеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күні – Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. 10.02. 2018 ж. күні сағат 10:00 – де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ДТЖО Д.Танатарова, Ж.Жарылғасова, АӘД пәнінің мұғалімі С.Утибаевтың ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне келген қонақтар:

1. Сарсенгалов Тұржан Ермекович
2. Иманғазинов  Исатай Ұлықпанович
3. Жубанисов Мағзам
4. Читанов Көкібай Бергенұлы

Кездесу кешін мектеп директоры Е.У.Курашев ашып берді. Жауынгерлерге арналып 8 сынып оқушылары Ә.Бағлан орындалуында «Отаным», 7 сынып оқушылары Әбубәкір Бағлан, Мырзали Алмаздың орындалуында «Мен Қазақпын» әні шырқалды. «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымен кездесіп, сұхбат жүргізу, естеліктерін тыңдау – оқушылар үшін бір ғанибет. Ардагерлер сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып оқушыларға үзінді айтып берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дилбар Танатарова келген қонақтарға алтын уақыт тауып келгендеріне рахмет айтып, өз сыйлықтарын ұсынды.

23.01.2018ж күні мектебімізде құқықбұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларының арасында аудандық білім бөлімі мен аудандық Ішкі істер бөлімінің басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Ж.Сарбасова, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Овезов, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары Н.Уазиров, білім үйлестіру орталығының маманы Ш.Жасанова, мектеп директоры Е.Курашев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Таңатарова, Р.Байталасова, мектеп инспекторы Н.Тастемиров, сынып жетекшілер, 7-11 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.

15 желтоқсанда 2017 ж. «№7 жалпы білім беру орта мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес, «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз», тақырыбында 10 сынып оқушылар арасында шара өткізілді. Сынып жетекшілері: Кармаганбетова Л, Калмуратова А, Садыкова Г.

15.12.17 ж., күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шараға аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Мәншүк Жақсылық қызы, ауыл ақсақалдары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында сурет, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 2017 жылы жұмыс жоспарына сәйкес, 02 желтоқсан күні «Мектептегі зорлық- зомбылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп педагог -психологы А.Мұрат тренинг өткізді. Директордың тәрбие ісі орынбасары Д.Танатарова "Мектептегі зорлық -зомбылықтың алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды.


30.11 күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде Тұңғыш Президент күніне бастауыш сынып оқушыларына ,,Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы'' тақырыбында мəнерлеп оқу байқауы болды.


«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 2017 жығы 30 қарашада жұмыс жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», тақырыбында 9 -11 сынып оқушылар арасында шара өткізілді.


29.11 күні «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ аясында мектеп оқушылары арасында «Патриоттық әндер» байқауы болды.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсетті.

Байқауға барлығы 7 оқушы қатысты. Ерекшелігі сол - аталған шараға қатысқан 7 оқушының барлығы сахна төрінде алғаш рет өнер көрсетті. Ал ұйымдастырушылардың мақсаты - бала бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру.

Бастауыш сынып оқушыларының арасында бұл байқау 2 оқушы қатысты. Бала бойындағы патриоттық сезім тек отбасы мен мектепте ғана емес, қоршаған орта мен қоғам арқылы да қалыптасады. Айта кетейік, саусақпен санарлық патриоттық әндерді әрбір қатысушы нақышына келтіре орындауға тырысты. Ең бастысы мектеп оқушыларының дайындығы ерекше. Әр бір оқушы өз тілі мен дінін қастерлеп, жеті атасын жаттап өсетін ең бастысы сәби кезінен патриоттық әндерді бойына сіңіріп, болашақта елінің рухы биік азаматы болар ұрпақты қазірден қалыптастыру керек. Байқау шарты бойынша оқушылар патриоттық ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралды. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталды. Балдың ең кіші ұпай саны 5, ең үлкен балдық жүйе 10 ұпай. 
Ал байқау қорытындысы бойынша

  1. Бас жүлде - Төлемисов Даулет
  2. Бірінші орын – Орынбасарова Гулнур
  3. Екінші орын – Ғани Фариза
  4. Үшінші орын – Усенбай Жандос иеленді.

Жеңімпаздар дипломмен марапатталды.


«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 2017 жығы 29 қарашада жұмыс жоспарына сәйкес, «Зорлық -зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында 9 -11 сынып оқушылар арасында флешмоб өткізілді. 70 оқушы қатысты.


«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 2017 жығы 29 қарашада жұмыс жоспарына сәйкес, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Астана -бас қалам» жəне «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыптарында сурет көрмесі өткізілді. Ұйымдастырушы Д Танатарова, К.Елубаева.


«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сінде 2017 жығы 27 қарашада «Бала құқығы-адам құқығы» он күндік акциясы аясында тарих пəні мұғалімі А. Курмашев «Бала құқығы» тақырыбында баяндама оқыды.


«Денсаулық фестивалі -2017»

Өткен орны: Мектеп алды

Өткен уақыты: 8 қыркүйек 2017 жыл, сағат 10.00-де

Қатысқандар: Мектеп ұжымдастары мен мектеп оқушылары

08.09.2017 ж.күні Қазақстан Республикасы бойынша «Денсаулық күні» деп белгіленген. Осыған орай оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру кешені бағдарламасы бойынша денсаулық күндері негізінде «Менің байлығым-менің отбасым!» атты мектепішілік «Денсаулық фестивалі-2017» өткізілді. Шараға қатысушыларды мектеп директоры құттықтап, жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Денсаулық фестиваліне арналған мерекелік шаралар көп өтілуде. Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда,халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз. Мектеп тарапынан денсаулық фестиваліне ат салысып, түрлі жарыстарға қатысып орын алып жүретін оқушылар да бар. Сол жастарды мақтан етіп, насихаттау мақсатында мектеп директоры сөз сөйлеп, қазіргі жастардың спортқа қосқан үлесін айтып өтті. Фестиваль барысында дене шынықтыру пән мұғалімдерінің арқасында мектеп оқушылары денелерін шынықтырды. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген спортшыларымызға арнап өлеңдер оқыды.

Шараға 5-6-7-8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында дене жаттығулары жасалып,жеңіл атлетика,арқан тартыс спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мектеп жастары флешмоб билесе,жарысқа қатысушы оқушыларға жеңіл атлетика, арқан тартыс, гір тасын көтеру сайыстары өтті. «Көңілді старт» ойыны бойынша 9-10 сынып оқушылары круг айналдыру,7-8 сынып оқушылары скакалкамен секіру ойындарын көрсетті.

Денсаулық фестиваліне 400-ге жуық оқушы,25 мұғалім қатысты. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.